«М-1 challenge 102» халықаралық турнирі Нұр-Сұлтан қаласында өтеді

Аралас жекпе-жектен «М-1 challenge 102» турнирі 28 маусым күні Нұр-Сұлтан қаласында өтеді,- деп хабарлайды М-1 Global. Турнирде жартылай орта салмақтағы М-1 Global чемпионы Шавкат Рахмонов чемпиондық атағын қорғау үшін жекпе-жек өткізеді деп күтілуде. «Qazsport» телеарнасы М-1 Global аясындағы турнирлерді және Шавкат Рахмоновтың жекпе-жектерін дәстүрлі түрде тікелей эфирде ұсынып келеді.  

«M-1 Challenge» 2008 жылы құрылған аралас жекпе-жек турнирлерінің сериясы. Қазақстан ММА Федерациясының вице-президенті Асылбек Дүйсеновтің айтуынша, келісімшартта көрсетілгендей, отандасымыз чемпиондық атағын қорғағаннан кейін, әлемнің үздік жекпе-жек лигасы UFC-ға өтуге мүмкіндігі бар. Естеріңізге сала кетейік, жерлесіміз 30 наурызда Алматыда өткен «М-1 challenge 101» турнирінде ресейлік Данила Приказаны 2 раундта техникалық нокаутқа жіберіп, чемпион атанды.

Жас чемпионның жеке бапкері Баян Жанғалов Шавкаттың сұңғыла спортшы екенін айтып, оның өзгелерге қарағанда көп жұмыс істейтінін сөзге тиек етті. Қазақ елінің мақтанышы әлемнің ең үздік жекпе-жек турнирі UFC тұжырымында өнер көрсетуге лайықты спортшы екенін талай мәрте дәлелдеді.

Танымал жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар

Давид Лория Қфф бас хатшысы болып тағайындалды
Шайбалы хоккей: Қазақстан әйелдер құрамасы Әлем чемпионатының ІВ дивизионында бақ сынайды
Михаил Шайдоров 2026 жылғы Олимпиадаға жолдама жеңіп алды
Зейнолла Ыдырысов Германиядағы турнирде жеңіске жетті
Дмитрий Попко Мексикадағы турнирде топ жарды
Болат Сақаев күміс жүлдегер атанды
Нұрқожа Қайпанов үш дүркін Азия чемпионы атанды
Михаил Шайдоров Әлем чемпионатының күміс жүлдегері
Ризабек Айтмұхан күміс жүлдеге ие болды
Рахат Қалжан Азия чемпионатында еркін күрестен қола медальға ие болды
Софья Самоделкина қысқы Олимпиада ойындарының лицензиясына ие болды
Жәмилә Бақбергенова Азия чемпионатында алтын жүлдегер атанды
Зейнеп Баянова Азия чемпионатында қола жүлдегер атанды
Евгений Кошкин конькимен жүгіруден 100 метр қашықтықта Әлемдік рекорд орнатты
ЮНЕСКО Хатшылығына тоғызқұмалақ ойынының тақтасы табысталды
Ербол Мырзабосынов Халықаралық ауыр атлетика федерациясының басшысымен кездесті
Легионерлерді бюджеттен қаржыландыру тоқтайды
Омар Сатаев Азия чемпионатында күміс жүлдегер атанды
Қазақстан құрамасы жеңіске жетті
Әлімхан Сыздықов грек-рим күресінен Азия чемпионатының күміс жүлдегері атанды