Басты Жаңалықтар ФИФА нұсқасы бойынша жыл үздіктері марапатталды

ФИФА нұсқасы бойынша жыл үздіктері марапатталды

ФИФА нұсқасы бойынша жыл үздіктері марапатталды

ФИФА жыл сайын өткізілетін дәстүрлі THE BEST жүлдесін 2022 жылдың үздік ойыншылары мен бапкерлеріне табыстау рәсімін өткізді. Париж қаласында өткен шараның бас жүлдесін көпшілік күткендей ПСЖ және Аргентина құрамасының ойыншысы Лионель Месси жеңіп алды. Бұл Мессидің екінші жүлдесі. ФИФА бұл жүлдені жетінші мәрте табыстап отыр. Осыған дейін, екі мәрте Криштиану Роналду, екі мәрте Роберт Левандовский және бір рет Лука Модрич жеңіп алған.

Лео алғаш рет жүлдені 2019 жылы жеңіп алған. Дауыс беру нәтижесінде Нидерланд құрамасының ойыншысы Вирджил Ван Дейкті озып кетті.

2022 жылғы THE BEST үздіктері:

Мэри ИрпсӘйелдер арасындағы жылдың үздік қақпашысы (Англия)

Эмилиано Мартинес Ерлер арасындағы жылдың үздік қақпашысы (Аргентина)

Марцин ОлексиФеренц Пушкаш атындағы сыйлық (Польша)

Сарина Вигман Әйелдер арасындағы жылдың үздік бапкері (Нидерланд)

Лионель СкалониЕрлер арасындағы жылдың үздік бапкері (Аргентина)

Лука ЛочошвилиFair Play жүлдесі

Ең үздік жанкүйерлер —  Аргентиналық фанаттар

Алексия ПутельясӘйелдер арасындағы жылдың ең үздік ойыншысы (Испания)

Лионель МессиЕрлер арасындағы жылдың ең үздік ойыншысы (Аргентина)

Бөлісу