Бүгін Астанада Olympic Solidarity бағдарламасы аясында Азия Олимпиадалық кеңесінің (ОСА) VI Континенттік спортшылар форумы басталды

Бүгін Астанада Olympic Solidarity бағдарламасы аясында Азия Олимпиадалық кеңесінің (ОСА) VI Континенттік спортшылар форумы басталды
Ауқымды шараға 45 Азия елінің Ұлттық Олимпиадалық комитеттерінен, Халықаралық Олимпиадалық комитеттен (ХОК), сондай-ақ ОСА басшылығынан келген 120-дан астам делегат қатысуда.
Спикерлер қатарында: Olympic Solidarity бағдарламасы бойынша ХОК директорының орынбасары Оливье Ньямки, Olympic Solidarity бағдарламасының континенттік менеджері Эдвард Кенсингтон, ХОК спортшылар комиссиясының төрайымы Эмма Терхо, ХОК спортшылар комиссиясын қолдау менеджері Артур Милрой, ХОК спортшылар комиссиясының мүшесі Масома Али Зада, ХОК мүшесі Чжан Хун, ОСА спортшылар комиссиясының төрайымы Нин Дин, ОСА спортшылар комиссиясының тең төрағасы Шива Кешаван, ОСА спортшылар комиссиясының мүшелері Шайна Энг пен Тай Терри, ОСА спортшылармен жұмыс департаментінің менеджері Джамьянг Намгьял, Қазақстан ҰОК спортшылар комиссиясының төрайымы әрі ОСА Атқару комитетінің мүшесі Ольга Рыпакова, үш дүркін Олимпиада ойындарының қатысушысы, фристайл-акробат Жанбота Алдабергенова және ҚР ҰОК спорт департаментінің жетекші менеджері Айым Жетыбаева бар.