Басты Жаңалықтар Шыңғыс Есенаманов пен Дуглас Жуниор ұлттық құрамадағы мансабын аяқтады

Шыңғыс Есенаманов пен Дуглас Жуниор ұлттық құрамадағы мансабын аяқтады

Шыңғыс Есенаманов пен Дуглас Жуниор ұлттық құрамадағы мансабын аяқтады

Қос ойыншы Қазақстан - Италия ойынынан кейін ұлттық құрамадағы мансабын аяқтады.

36 жастағы Есенаманов 2009 жылы Ұлттық құрамада дебют жасап, 118 матч өткізіп 35 гол соққан.

«Менің құрамадағы циклім аяқталды. Бұл Италиядан жеңілгенімізге немесе Еуропа чемпионатына шықпағанымызға байланысты емес. Бұл шешімді мен бұрыннан, отбасыммен бірге қабылдадым», - деді Шыңғыс Есенаманов.

Ал Дуглас Жуниор 2015 жылы Ұлттық құрамада дебют жасады. Ол 91 матч өткізіп, 65 гол соққан.

«Бірде менен құрамадағы мансабыңа көңілің тола ма және саған жетпей қалған ең басты атақ - Еуро ма, Әлем чемпионаты ма деп сұраған. Сонда осы құраманың бір бөлігі болып, Қазақстан футзалының өсуінің бір бөлшегі болу - мен үшін ең үлкен жеңіс деп жауап бергенмін. Қазақстанға алғыс айтамын, мен әрдайым сіздермен біргемін», -деді Дуглас Жуниор.

Бөлісу