Дастан Сәтпаев алдағы Ұлттық құрама ойындарына қатыспайды

«Соңғы матч алдында Дастан өзін жайсыз сезінген, бірақ командаға көмектескісі келіп, ешкімге тіс жармаған. Соған қарамастан, ол толық ойын өткізіп, тіпті гол да соқты. Бірақ матчтан кейін ауырсыну күшейіп, ол медициналық штабқа жүгінуге мәжбүр болды. Тексеру нәтижесінде сол жақ жамбас бұлшықетінде шамамен төрт сантиметрге жуық ісіну, сіңірдің созылуы, микрожарықтар анықталды. Бұл жас ағза үшін айтарлықтай жүктеме, сондықтан дәрігерлер оған клуб базасында қалып, қалпына келу курсынан өтуді ұсынды. Клуб бұл мәселені құраманың медициналық штабымен келісіп, жағдай туралы ресми түрде хабарлады. Өкінішке қарай, бұл жолы Дастан ұлттық құрамаға көмектесе алмайды», - деді «Қайрат» футбол клубының ардагері Құралбек Ордабаев.

Қазақстан құрамасы қазан айында екі ойын өткізеді.
Қазақстан – Лихтенштейн
ӘЧ-2026 | Іріктеу кезеңі
10.10.2025 | 19:00
«Астана Арена», Астана
Солтүстік Македония – Қазақстан
ӘЧ-2026 | Іріктеу кезеңі
13.10.2025 | 23:45
«Тоше Проески» ұлттық аренасы, Скопье
Екі ойынды «Qazsport» телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
