Денис Мамонов Қазақстан жастар құрамасы аға бапкері қызметінен кетеді

Қазақстан жастар құрамасының аға жаттықтырушысы Денис Мамонов ҚФФ баспасөз қызметіне берген сұхбатында Өзбекстан жастар құрамасына қарсы өткен екі жолдастық матчты қорытындылады.
«Өкінішке қарай, екі матчта да жеңіліп қалдық. Бапкерлік штаб ойыншылардың көңіл-күйіне Андоррадағы ауыр жеңілістің қатты әсер еткенін сезді. Жігіттер Андоррадағы матчты аяқтап, Өзбекстанға қарсы алғашқы ойында жанкүйерлерді қуантқысы келді. Алайда ойын соңында гол жіберіп, 0:1 есебімен жеңілдік. Екінші ойында қарсыласқа алғашқы минуттардан бастап қысым көрсетуге тырыстық. Жылдам гол соқтық, бірақ ойын барысында құрған сәттерімізді пайдалана алмай, тағы да есе жібердік. Екінші матчтан кейін киім ауыстыратын бөлмеде мен команданың аға жаттықтырушысы қызметінен кететінімді жарияладым. Ойыншыларға кәсібилігі үшін алғысымды айтып, Еуропа чемпионатының іріктеу турниріне сәттілік және қазіргі жағдайдың тезірек оңалуын тіледім», - деді Денис Мамонов
Денис Мамоновтың U21 құрамасындағы нәтижесі 7 ойын, 2 жеңіс, 5 жеңіліс.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
