Любовь Ковальчук Қазақстан құрамасының қоржынына үш күміс медаль салды
Эр-Риядта (Сауд Арабиясы) өтіп жатқан VI Ислам ынтымақтастығы ойындарында қазақстандық зілтемірші Любовь Ковальчук үш күміс медаль жеңіп алды.
Отандасымыз 86 келіден жоғары салмақ дәрежесінде сынға түсті. Алдымен Ковальчук жұлқа көтеру жаттығуында 117 келіні еңсеріп, күміс жүлдегер атанды.
Бұл сында Қатар елінің спортшысы Уисал Икхлеф те дәл осы салмақты көтеріп, бірінші орынға ие болды. Ал үздік үштікті Өзбекстан өкілі Турсуной Джабборова (116 келі) түйіндеді.
Ковальчук серпе көтеруде 150 келіні бағындырып, тағы бір күміс медаль иеленді. Екі жаттығудың қосындысында қазақстандық спортшы 267 келі нәтижемен қоссайыс бойынша да күміс жүлдеге қол жеткізді.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Бокстан U19 Әлем чемпионатына қатысатын Қазақстан құрамасы белгілі болды
12.10.2026, 17:10
Қазақстан құрамасы V Азия Пара ойындарына аттанды
12.10.2026, 15:35
Мария Севостьянова Париждегі Гран-при кезеңінде қола медаль жеңіп алды
12.10.2026, 11:04
Алан Құрманғалиев Қытайдағы халықаралық турнирде күміс медаль жеңіп алды
12.10.2026, 11:02
Дастан Сәтпаев «Бернли» сапына қосылды
09.10.2026, 15:50
Денис Тен мемориалы: Софья Самоделкина үздік үштікке енді
09.10.2026, 11:30
Семсерлесуден Қазақстан құрамасы әлем кубогы кезеңінде бақ сынайды
08.10.2026, 15:00
Аичи-Нагоя: V Азия Пара ойындарына 10 күн қалды
08.10.2026, 11:00