Қазақстан құрамасы хоккейден Азия чемпионы
Бейжіңде өткен Азия чемпионатының шешуші матчында Қазақстан құрамасы Жапонияны 4:3 есебімен жеңіп, турнирді мінсіз аяқтады. Бірінші кезең 1:1 есебімен тең өтсе, екінші кезеңде біздің жігіттер шабыттанып, үш гол соғып алға шықты. Роман Старченко дубль авторы атанды, ал Максим Мусоров үш нәтижелі пастың арқасында матчтың және жалпы турнирдің үздік ойыншысы болды.
Бұл жеңіс Қазақстанға қатарынан екінші рет Азия чемпионы атағын алып келді. Бұған дейін құрамамыз Оңтүстік Кореяны 4:2, Қытайды 5:1 есебімен ұтқан еді.
Матч:
Қазақстан – Жапония 4:3 (1:1, 3:1, 0:1)
1:0 – 05:47 – Ляпунов (Старченко, Мусоров)
1:1 – 18:22 – Судзуки (Ушио)
2:1 – 21:37 – Старченко (Михайлов, Мусоров)
2:2 – 24:52 – Сато (Йонеяма, Накаджима)
3:2 – 25:10 – Борисевич (Ляпунов, Мусоров)
4:2 – 29:28 – Старченко (Бойко, Муратов)
4:3 – 55:51 – Окуба (Накаджима, Сато)
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы