Бокстан Әлем Чемпионатына қатысатын Қазақстан құрамасы белгілі болды
IBA ұйымдастыратын Әлем біріншілігі 2–13 желтоқсан аралығында Біріккен Араб Әмірліктерінің Дубай қаласында өтеді.
Жарыстың жүлде қоры рекордтық 8 миллион долларды құрайды. Ұйымдастырушылардың айтуынша, әр салмақ дәрежесінің чемпионына 300 мың доллар табысталады. Бұл бұрын-соңды мұндай деңгейдегі турнирлер үшін болмаған көрсеткіш.
3-13 желтоқсан аралығында өтетін Әлем чемпионатына бас жаттықтырушы Қайрат Сәтжановтың жетекшілігімен құрам жасақталды.
48 келі. Теміртас Жүсіпов
51 келі. Даниял Сәбит
54 келі. Сәкен Бибосынов
57 келі. Оразбек Асылқұлов
60 келі. Серік Теміржанов
63.5 келі. Ертуған Зейнулинов
67 келі. Санатәлі Төлтаев
71 келі. Абылайхан Жүсіпов
75 келі. Сабыржан Аққалықов
81 келі. Ерасыл Жақпеков
86 келі. Дәулет Төлемісов
92 келі. Нурмагамед Юсупов
+92 келі. Нұрлан Сапарбай
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы