Хоккейден Қазақстан жастар құрамасы Әлем чемпионатында Словенияны жеңді
Шайбалы хоккейден жастар арасындағы Әлем чемпионатының А дивизионындағы екінші матчта Қазақстан құрамасы Словениямен кездесті.
Матч барысында отандастарымыз 0:2, 1:3 және 2:4 есебімен жеңіліп жатып, соңғы минуттарда есепті теңестіріп кетті.
Буллит сериясында Әлішер Сәркенов дәл соққы жасап, ұлттық құрамаға жеңіс сыйлады.
Осылайша Қазақстан құрамасы Словениядағы әлем чемпионатында алғашқы жеңісіне қол жеткізді.
Бірінші ойында Қазақстан құрамасы Украинаға овертаймда 1:2 есебімен жеңілген еді.
10 желтоқсанда Антон Васиннің шәкірттері Франция құрамасына қарсы ойнайды.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Бокстан U19 Әлем чемпионатына қатысатын Қазақстан құрамасы белгілі болды
12.10.2026, 17:10
Қазақстан құрамасы V Азия Пара ойындарына аттанды
12.10.2026, 15:35
Мария Севостьянова Париждегі Гран-при кезеңінде қола медаль жеңіп алды
12.10.2026, 11:04
Алан Құрманғалиев Қытайдағы халықаралық турнирде күміс медаль жеңіп алды
12.10.2026, 11:02
Дастан Сәтпаев «Бернли» сапына қосылды
09.10.2026, 15:50
Денис Тен мемориалы: Софья Самоделкина үздік үштікке енді
09.10.2026, 11:30
Семсерлесуден Қазақстан құрамасы әлем кубогы кезеңінде бақ сынайды
08.10.2026, 15:00
Аичи-Нагоя: V Азия Пара ойындарына 10 күн қалды
08.10.2026, 11:00