Басты Жаңалықтар Қазақстан құрамасының қарсыластары анықталды

Қазақстан құрамасының қарсыластары анықталды

Қазақстан  құрамасының қарсыластары анықталды

Швейцарияның Ньон қаласында УЕФА-ның 2025/26 жылғы U17 және U19 Еуропа чемпионаттарының жеребесі тартылды. Қазақстан құрамалары өз топтарындағы қарсыластарын білді.

U17 командасы Чехия, Аустрия және Дания құрамаларымен 4-топқа түсті.
Ойындар 2026 жылдың 25-31 наурыз аралығында Данияда өтеді.
28 құрама жеті топқа бөлініп, финалдық кезеңге жолдама үшін бақ сынайды.
Финал 2026 жылдың 25 мамыр – 7 маусым аралығында Эстонияда өтеді.

Ал U19 құрамасы элиталық кезеңде 5-топқа түсті. Қарсыластары: Украина, Румыния және Солтүстік Ирландия.
Ойындар 2026 жылдың 25-31 наурыз аралығында Румынияда өтеді.
Әр топтың жеңімпазы Уэльсте өтетін финалға жолдама алады.
Финалдық кезең 2026 жылдың 28 маусым – 11 шілде аралығында өтеді, турнир иесі Уэльс автоматты түрде қатысады.

Бөлісу