Шорт-тректен 2026 жылғы қысқы Олимпиадаға қатысатын Қазақстан ұлттық құрамасы анықталды
Олимпиада лицензиясын алған спортшылардың тізімі биыл 9 қазан мен 30 қараша аралығында өткен шорт-тректен Әлемдік тур нәтижесі бойынша анықталды. Қазақстан құрамасы жалпы 9 лицензия жеңіп алды.
Бас бапкер Петр Гамидов пен бапкерлер штабының шешімімен 2026 жылғы қысқы Олимпиадада ел намысын Денис Никиша, Абзал Әжіғалиев, Ольга Тихонова және Яна Хан қорғайды.
Лицензия бойынша ақпарат:
2000 м (микст) – 1 лицензия
Ерлер:
500 м – 2 лицензия
1000 м – 1 лицензия
Әйелдер:
500 м – 2 лицензия
1000 м – 1 лицензия
1500 м – 2 лицензия
XXV қысқы Олимпиада ойындары 2026 жылғы 6-22 ақпан күндері Милан мен Кортина-д’Ампеццо қалаларында өтеді. Оған 93 елден 3 500-ден астам спортшы қатысады.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Бокстан U19 Әлем чемпионатына қатысатын Қазақстан құрамасы белгілі болды
12.10.2026, 17:10
Қазақстан құрамасы V Азия Пара ойындарына аттанды
12.10.2026, 15:35
Мария Севостьянова Париждегі Гран-при кезеңінде қола медаль жеңіп алды
12.10.2026, 11:04
Алан Құрманғалиев Қытайдағы халықаралық турнирде күміс медаль жеңіп алды
12.10.2026, 11:02
Дастан Сәтпаев «Бернли» сапына қосылды
09.10.2026, 15:50
Денис Тен мемориалы: Софья Самоделкина үздік үштікке енді
09.10.2026, 11:30
Семсерлесуден Қазақстан құрамасы әлем кубогы кезеңінде бақ сынайды
08.10.2026, 15:00
Аичи-Нагоя: V Азия Пара ойындарына 10 күн қалды
08.10.2026, 11:00