Басты Жаңалықтар Жәнібек Әлімханұлының екінші сынамасын қашан ашатыны белгілі болды

Жәнібек Әлімханұлының екінші сынамасын қашан ашатыны белгілі болды

Жәнібек Әлімханұлының екінші сынамасын қашан ашатыны белгілі болды

Жәнібек Әлімханұлының В сынамасын 8 қаңтарда ашады. Бұл туралы Қазақстан кәсіби бокс федерациясының президенті Рахымжан Ерденбеков мәлімдеді.

🔹Оның айтуынша, халықаралық допингке қарсы рәсімдерге сәйкес В сынамасын ашудың нақты күні мен уақыты ресми түрде бекітілген. Бұл қадам процестің ашықтығын қамтамасыз етуге және спортшының заңды құқықтарын толық сақтауға бағытталған.

🥊 Халықаралық тәжірибеге сай, В сынамасы тек А сынамасының нәтижелерін растау немесе жоққа шығару қажет болған жағдайда ғана талданады. Талдау тәуелсіз, аккредиттелген зертханада жүргізіліп, барлық бекітілген хаттамалар қатаң сақталады. Сонымен қатар спортшының өкілдері мен мүдделі тараптардың қатысуына мүмкіндік беріледі.

📌 Еске салсақ, Жәнібек Әлімханұлы 15 қарашада тапсырған допинг-сынамадан мельдоний табылған еді.

❌ Осыған байланысты Әлімханұлы мен Эрисланди Лара арасындағы жекпе-жек өтпей қалды.

Бөлісу