Осыдан үш жыл бұрын Аргентина Әлем чемпионы атанды
2022 жылдың 18 желтоқсанында Қатарда футболдан әлем чемпионатының финалы өтті.
Финалда қатарынан екінші мәрте Әлем чемпионы атануды көздеген Франция мен Месси бастаған Аргентина құрамалары кездесті.
Алғашқы таймда Аргентина толық басымдық танытып, Лионель Месси мен Анхель Ди Марияның голдарының арқасында 2:0 есебімен алға шықты. Алайда екінші таймның соңына таман Франция таразы басын теңестірді. Килиан Мбаппе 80 және 81-минуттарда қатарынан екі рет мергендік танытты.
Қосымша уақытта Месси мен Мбаппе тағы бір-бір голдан соғып, матч тағдырын пенальти сериясы шешті. Бұл жолы сәттілік аргентиналықтарға серік болды.
Осылайша Аргентина құрамасы өз тарихында үшінші рет Әлем чемпионы атанып, 1986 жылдан бергі ұзақ үзілісті аяқтады.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Бокстан U19 Әлем чемпионатына қатысатын Қазақстан құрамасы белгілі болды
12.10.2026, 17:10
Қазақстан құрамасы V Азия Пара ойындарына аттанды
12.10.2026, 15:35
Мария Севостьянова Париждегі Гран-при кезеңінде қола медаль жеңіп алды
12.10.2026, 11:04
Алан Құрманғалиев Қытайдағы халықаралық турнирде күміс медаль жеңіп алды
12.10.2026, 11:02
Дастан Сәтпаев «Бернли» сапына қосылды
09.10.2026, 15:50
Денис Тен мемориалы: Софья Самоделкина үздік үштікке енді
09.10.2026, 11:30
Семсерлесуден Қазақстан құрамасы әлем кубогы кезеңінде бақ сынайды
08.10.2026, 15:00
Аичи-Нагоя: V Азия Пара ойындарына 10 күн қалды
08.10.2026, 11:00