Басты Жаңалықтар Қазақстан Республикасының альпинизм және спорттық құзға өрмелеу федерациясы 2025 жылдың қорытындысын шығарды

Қазақстан Республикасының альпинизм және спорттық құзға өрмелеу федерациясы 2025 жылдың қорытындысын шығарды

 Қазақстан Республикасының альпинизм және спорттық құзға өрмелеу федерациясы 2025 жылдың қорытындысын шығарды

2025 жылы Қазақстан Республикасының альпинизм және спорттық құзға өрмелеу федерациясы атқарылған жұмыстардың қорытындысын шығарып, спорттық құзға өрмелеу мен ски-альпинизмнің тұрақты дамуын, сондай-ақ халықаралық ареналардағы нәтижелердің өскенін атап өтті.


Қазақстандық спортшылар World Climbing қамқорлығымен өткен халықаралық жарыстарда табысты өнер көрсетті. Қытайда өткен XII Дүниежүзілік ойындарда Ришат Хайбуллин «Жылдамдық» дисциплинасында қола жүлдегер атанды, ал Францияда өткен Әлем кубогы кезеңінде күміс медаль жеңіп алды. Маусым қорытындысы бойынша Әмір Маймуратов World Climbing рейтингісінде сегізінші орын алып, әлемнің үздік он спортшысының қатарына енді. Қазақстанның ерлер құрамасы «Жылдамдық» дисциплинасында әлемдік командалық рейтингте төртінші орынға тұрақтады.


Қазақстанда алғаш рет спорттық құзға өрмелеуден Азия кубогы ұйымдастырылып, оған Азия елдерінен шамамен 100 спортшы қатысты. Жүлделі орындарды Қазақстан құрамасының өкілдері Ришат Хайбуллин мен Анна Баларшина иеленді.


Ски-альпинизмнен Қазақстан құрамасы Харбин қаласында өткен алғашқы қысқы Азия ойындарында жалпыкомандалық есепте үшінші орынды жеңіп алды. Азия кубогында Әсем Назырова алтын медаль иегері атанды.


Сондай-ақ 2025 жылы Алматы қаласында World Climbing халықаралық талаптарына сай заманауи құзға өрмелеу орталығының құрылысы басталды.


Бөлісу