Басты Жаңалықтар Елордада жылдың үздік спортшылары марапатталды

Елордада жылдың үздік спортшылары марапатталды

Елордада жылдың үздік спортшылары марапатталды

Астанада Туризм және спорт министрлігінің ұйымдастыруымен жыл сайынғы «Үздік-2025» сыйлығының жеңімпаздарын марапаттау іс-шарасы өтті.

Жыл қорытындысы бойынша «Үздік» деп танылғандар:

Жылдың үздік спортшылары:

Алуа Балқыбекова – бокстан екі дүркін Әлем чемпионы

Айдос Сұлтанғали – грек-рим күресінен 26 жылдан кейін Әлем чемпионатының жеңімпазы

Файна Мейірманова – жеңіл атлетикадан Сурдлимпиада ойындарының чемпионы Жылдың үздік жаттықтырушылары:

Долкунжан Камеков – Алуа Балқыбекованың бапкері

Ғабиден Райымбек – Айдос Сұлтанғалидың бапкері

Спортта үздік серпін: Дастан Сәтпаев («Қайрат» клубының ойыншысы) Жастар мен жасөспірімдер арасындағы үздік спортшы:

Ақмарал Ерекешева – көркем гимнастикадан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионы

Дінмұхаммед Раймқұлов – фристайл-акробатикадан тарихи әлем чемпионы Ксения Прозорова – ауыр атлетикадан әлем чемпионы

Жылдың үздік спорт федерациясы: Қазақстан бокс федерациясы (2024 жылы 4 әлем чемпионатына қатысып, 13 алтын медаль жеңіп алды)

Спорттағы үздік өңір: Қызылорда облысы (қалада 11 мың көрерменге арналған футбол стадионы ашылды)

Жылдың үздік спорт ұйымы: Алматы облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының «Ұлттық және ат спорты түрлері бойынша спортты дамыту дирекциясы»

Ауылдық жердегі үздік спорт нұсқаушы: Сержан Баденов (Жамбыл облысы, Т.Рысқұлов ауданы)

Аудандық үздік дене шынықтыру және спорт бөлімі: Қарқаралы ауданы (Қарағанды облысы, «Bugyly Trail» халықаралық жүгіріс ұйымдастырылды)

Жылдың үздік ауыл жаттықтырушысы: Владимир Шалыгин (Қостанай облысы, шаңғыдан бапкер)

Дене шынықтыру және спорт саласындағы үздік маман: Мейрам Нуртазин (Астана қаласы)

Жылдың үздік балалар жаттықтырушысы: Хислат Мамметов – әйелдер күресінен U17 санатындағы әлем чемпионы Мадхия Усманованы тәрбиеледі

Ауылдық жердегі үздік дене шынықтыру әдіскері: Алтынбек Сарбупин (Ақтөбе облысы)

Сейдахмет Бердіқұлов атындағы үздік спорт журналистері: Азат Смағұлов, Әсел Әбілбек, Тұран Қазанғап

Бөлісу