Милан-Кортина: Олимпиада ойындарында Қазақстанның намысын кімдер қорғайды?
10 күннені кейін Италияда 4 жылда бір келетін байрақты бәсеке басталады. Қазақстан құрамасынан 10 спорт түрінен 36 спортшы ел намысын қорғайды.
Қазақстандық спортшылар мына спорт түрлері бойынша лицензияларға ие болды:
Биатлон: Владислав Киреев, Әсет Дюсенов, Милана Генева, Айша Рақышева
Конькимен жүгіру спорты: Евгений Кошкин, Кристина Силаева, Елизавета Голубева, Надежда Морозова, Арина Ильященко
Шорт-трек: Абзал Әжғалиев, Денис Никиша, Ольга Тихонова, Яна Хан
Мәнерлеп сырғанау: Михаил Шайдоров, Софья Самоделкина
Фристайл-акробатика: Дінмұхаммед Райымқұлов, Шерзод Хаширбаев, Роман Иванов, Асылхан Асан және Аяна Жолдас
Тау шаңғысы спорты: Александра Скороходова, Ростислав Хохлов.
Шаңғы: Надежда Степашкина, Ксения Шалыгина, Анна Мельник, Дарья Ряжко, Әмірғали Мұратбеков, Виталий Пухкало, Наиль Башмаков.
Шаңғы қоссайысы: Шыңғыс Рақпаров
Шаңғымен тұғырдан секіру: Илья Мизерных, Данил Васильев.
Могул: Анастасия Городко, Аяулым Әмренова, Павел Калмаков, Юлия Галышева.
Еске сала кетейік, Италияда өтетін қысқы Олимпиада ойындары 6-22 ақпан аралығында өтеді.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы