Қазақстан құрамасы конькимен жүгіруден жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында алты алтын медаль жеңіп алды
Германияның Инцелль қаласында өткен конькимен жүгіруден жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы алты алтын, бір күміс медаль жеңіп алып, жалпы жеті жүлдемен жарысты қорытындылады.
Әлем біріншілігінің соңғы жарыс күнінде 6-шы алтынды қоржынға Вадим Чебардаков салды. Ол масс-старт бәсекесінде қарсыластарына дес бермей, 5:29.87 нәтижемен мәре сызығын бірінші болып кесті. Қазақстандық спортшы жарыс барысында 34 спринтерлік ұпай жинап, чемпион атанды.
Команда көшбасшыларының бірі Кристина Шумекова үш бірдей қашықтықта яғни 500, 1000 және 1500 метрде алтын жүлде иеленді. Сондай-ақ ол кіші көпсайыс қорытындысы бойынша да үздік деп танылды. Бұған қоса, 3000 метрде күміс медаль жеңіп алып, жеке көрсеткішін толықтырды.
Әйелдер құрамасы командалық спринтте де биіктен көрінді. Бұл сайыста ел намысын Кристина Шумекова, Анастасия Беловодова және Варвара Глухова қорғап, қарсыластарын артта қалдырды.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы