Ербол Хамитов Паралимпиада ойындарының чемпионы атанды
Қазақстандық пара биатлоншы Италияда өтіп жатқан Паралимпиада ойындарында із қуу сайысында топ жарып, алтын жүлдеге ие болды.
Милан Паралимпиадасында пара биатлон бағдарламасына алғаш рет қосылған 4,5 шақырымдық спринттен із қуу жарысында Ербол Хамитов қарсыластарынан озып, мәреге бірінші болып жетті.
Қазақстан үшін бұл қысқы Паралимпиада ойындарындағы екінші алтын медаль саналады. Бұған дейін алғашқы алтынды 2018 жылы Пхенчхан Паралимпиадасында пара шаңғы жарысынан Александр Колядин жеңіп алған.
Еске салсақ, Ербол Хамитов бұған дейін пара шаңғы жарысынан қола жүлдеге ие болған еді.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Бокстан U19 Әлем чемпионатына қатысатын Қазақстан құрамасы белгілі болды
12.10.2026, 17:10
Қазақстан құрамасы V Азия Пара ойындарына аттанды
12.10.2026, 15:35
Мария Севостьянова Париждегі Гран-при кезеңінде қола медаль жеңіп алды
12.10.2026, 11:04
Алан Құрманғалиев Қытайдағы халықаралық турнирде күміс медаль жеңіп алды
12.10.2026, 11:02
Дастан Сәтпаев «Бернли» сапына қосылды
09.10.2026, 15:50
Денис Тен мемориалы: Софья Самоделкина үздік үштікке енді
09.10.2026, 11:30
Семсерлесуден Қазақстан құрамасы әлем кубогы кезеңінде бақ сынайды
08.10.2026, 15:00
Аичи-Нагоя: V Азия Пара ойындарына 10 күн қалды
08.10.2026, 11:00