Джиу-джитсу: Сейілхан Болатбек Азиадада қола медаль жеңіп алды
Жапонияның Аичи префектурасы мен Нагоя қаласында өтіп жатқан ХХ жазғы Азия ойындарында джиу-джитсудан жарыстар жалғасуда.
77 келіге дейінгі салмақта екі қазақстандық спортшы сынға түсті. Қола жүлде үшін болған отандық дербиде Сейілхан Болатбек Адлан Мадаевты 2:0 есебімен жеңіп, Азия ойындарының қола жүлдегері атанды.
Осылайша, Сейілхан Болатбек Аичи-Нагоядағы Азия ойындарында Қазақстан қоржынына кезекті медальді қосты.
Айта кетейік, бұған дейін джиу-джитсудан Нұржан Батырбеков 69 келіге дейінгі салмақта күміс, Жібек Құлымбетова 48 келіге дейінгі салмақта қола медаль иеленген еді.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Шерзод Давлатов - Әлем чемпионатының күміс жүлдегері
04.10.2026, 21:01
Қазақстан Азиаданы тарихи нәтижелермен қорытындылады
04.10.2026, 15:02
Әйелдер күресі: Эльмира Сыздықова – Азия ойындарының күміс жүлдегері
02.10.2026, 17:25
Әйелдер күресі: Зейнеп Баянова Азия ойындарының қола жүлдегері атанды
02.10.2026, 16:45
Еркін күрес: Едіге Қасымбек Азия ойындарының қола жүлдегері атанды
02.10.2026, 16:30
Таеквондо: Тамирлан Тілеулес - Азия ойындарының чемпионы
02.10.2026, 16:00
Таеквондо: Батырхан Төлеуғали Азия ойындарының қола жүлдегері атанды
02.10.2026, 15:50
Айбек Оралбай – Азия ойындарының чемпионы
02.10.2026, 15:35