Басты Жаңалықтар Теннис: Анна Данилина мен Юлия Путинцева Азия ойындарының қола жүлдегері атанды

Теннис: Анна Данилина мен Юлия Путинцева Азия ойындарының қола жүлдегері атанды

Теннис: Анна Данилина мен Юлия Путинцева Азия ойындарының қола жүлдегері атанды

Аичи-Нагояда өтіп жатқан ХХ жазғы Азия ойындарында теннистен әйелдер арасындағы жұптық бәсекеде Анна Данилина мен Юлия Путинцева қола медаль иеленді.
Қазақстандық жұп жартылай финалда Тайбэй өкілдері Лян Эньшо мен Се Шувэйге қарсы шықты. Аса тартысты өтіп, тай-брейкке дейін созылған ойында қарсыластар басым түсті. Есеп: 6-7 (3-7), 6-7 (5-7).
Осылайша, Анна Данилина мен Юлия Путинцева жарысты қола медальмен қорытындылады.
Айта кетейік, бұған дейін Юлия Путинцева жекелей сында да Азия ойындарының қола жүлдегері атанған еді.

Бөлісу