Таеквондо: Тамирлан Тілеулес - Азия ойындарының чемпионы
Отандасымыз Айчи-Нагояда өтіп жатқан байрақты бәсекенің финалында филиппиндік Курт Барбосаны жеңіп, алтын медаль еншіледі.
58 келіге дейінгі салмақта сынға түскен Тамирлан Тілеулес ел қоржынына тарихи алтын медальді салды.
Тамирлан Тілеулес осы жетістігімен жазғы Азия ойындарында чемпион атанған тұңғыш қазақ таеквондошысы болды. Отандасымыз жарыс жолында ширек финалда әлем чемпионы Аболфазл Зандиді жеңіп, жартылай финалда Оңтүстік Корея өкілі Ан Хянсикті 2:1 есебімен ұтты.
Осыған дейін Азия ойындарының финалына шыққан Феруза Ергешова, Нұрсұлтан Мамаев және Жансель Дениз күміс жүлдеге ие болған еді. Тамирлан Тілеулес бұл серияны үзді.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Шерзод Давлатов - Әлем чемпионатының күміс жүлдегері
04.10.2026, 21:01
Қазақстан Азиаданы тарихи нәтижелермен қорытындылады
04.10.2026, 15:02
Әйелдер күресі: Эльмира Сыздықова – Азия ойындарының күміс жүлдегері
02.10.2026, 17:25
Әйелдер күресі: Зейнеп Баянова Азия ойындарының қола жүлдегері атанды
02.10.2026, 16:45
Еркін күрес: Едіге Қасымбек Азия ойындарының қола жүлдегері атанды
02.10.2026, 16:30
Таеквондо: Батырхан Төлеуғали Азия ойындарының қола жүлдегері атанды
02.10.2026, 15:50
Айбек Оралбай – Азия ойындарының чемпионы
02.10.2026, 15:35
Велотрек: Рината Сұлтанова Азия ойындарының күміс жүлдегері атанды
02.10.2026, 14:35