Басты Жаңалықтар «Барселона» УЕФА Чемпиондар лигасының ширек финалына шықты

«Барселона» УЕФА Чемпиондар лигасының ширек финалына шықты

«Барселона» УЕФА Чемпиондар лигасының ширек финалына шықты

УЕФА Чемпиондар лигасының 1/8 финалында кездескен «Барселона» мен «Пари Сен-Жермен» арасындағы матч 6:1 есебімен аяқталып, каталониялықтар ширек финалға шықты.

Кездесудегі есепті алаң иелері ашқан болатын. Париждік клуб ойыншыларының қателігін оңтайлы пайдаланған «Барселонаның» уругвайлық қорғаушысы Луис Суарес ойынның 3-ші минутында  кездесудегі есепті ашты.

«ПСЖ» қорғаушыларының өз айып алаңында тағы бір қателікке жол беруі Курзаваның автоголына алып келді. Осылайша 40-шы минутта есеп 2:0-ге жетті.

Неймардың париждік команданың айып алаңында құлауын байқаған төрешіі пенальти белгіледі. Оны «Барселонаның» бас жұлдызы Лионель Месси сәтті орындады.

Кездесудің 62-ші минутында «ПСЖ» центрфорварды Эдинсон Кавани командаласы Курзаваның пасынан кейін каталониялық ұжым қақпасына  жойқын әрі дәл соққы бағыттап есеп айырмасын қысқартты.

Ойынның 88-ші минутында «Барселона» шабуылшысы Неймар айып добынан гол салды. 

Суарестің айып алаңында құлағанынан кейін төреші «ПСЖ» қақпасына тағы бір пенальти белгіледі. 11-метрлік қашықтықтан Неймар мүлт кетпеді. 

Кейін Неймардың көтерген добына бірінші жеткен Серхио Роберто допты «ПСЖ» қақпасына бағыттап, өз командасын ширек финалға шығарды.

«Барселона»-«Пари Сен-Жермен» 6:1

Жалпы есеп - 6:5

«Барселона»-«Пари Сен-Жермен» кездесуін тікелей эфирде көрсеткен «Kazsport» телеарнасы.

Бөлісу