Басты Жаңалықтар Еуропа лигасы. «Kazsport» телеарнасы «Ростов» - «Манчестер Юнайтед» кездесуін тікелей эфирде көрсетеді

Еуропа лигасы. «Kazsport» телеарнасы «Ростов» - «Манчестер Юнайтед» кездесуін тікелей эфирде көрсетеді

Еуропа лигасы. «Kazsport» телеарнасы «Ростов» - «Манчестер Юнайтед» кездесуін тікелей эфирде көрсетеді

Бүгін түнде, наурыздың 9-ынан 10-ына өтетін түні УЕФА Еуропа лигасының 1/8 финалында бақ сынайтын футбол ұжымдары арасындағы бірінші кездесулер өтеді. Бұл футбол додасы аясында Ростов-на-Дону қаласында жергілікті «Ростов»  өз алаңында еуропалық футбол грандтарының бірі «Манчестер Юнайтедті»  қабылдайды. Ресейлік клуб пен Жозе Моуринью жаттықтыратын «қызыл сойқандар» арасындағы ойынды  «Kazsport» телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді.Трансляцияның басталуы 23:50-де. 

УЕФА Еуропа лигасының 1/16 финалында «Сент-Этьеннен» 0:1 және 0:3 есептерімен басым түскен «Манчестер Юнайтед» «Ростовқа» қарсы кездесуге келесі құрамда ұшып келді:

Қақпашылар - Давид де Хеа, Серхио Ромеро, Киран О'Хара;

Қорғаушылар - Антонио Валенсия, Дэйли Блинд, Крис Смоллинг, Фил Джоунс, Маттео Дармиан, Эшли Янг, Маркос Рохо; жартылай қорғаушылар - Майкл Каррик, Андер Эррера, Маруан Феллаини, Поль Погба, Хуан Мата, Джесси Лингард, Генрих Мхитарян;

Шабуылшылар - Маркус Рэшфорд, Златан Ибрагимович.

Ресейлік клубқа қарсы Уэйн Руни, Люк Шоу, Бастиан Швайнштайгердің ойнамайтыны белгілі болды.

«Kazsport» телеарнасы бұл футбол додасы аясында өтетін «Лион»-«Рома»  матчын да тікелей эфирде көрсетеді.  Ал, «Сельта»-«Краснодар», «Олимпиакос»-«Бешикташ» ойындары жазба түрінде көрсетілуге жоспарланған.

Наурыздың 9-ынан 10-ына өтетін түні

«Ростов» - «Манчестер Юнайтед»  23:50 LIVE

«Лион»-«Рома» 01:55 LIVE

Бөлісу