Басты Жаңалықтар Леонарду Жардимнің «Монакосы» УЕФА Чемпиондар лигасының ширек финалына шықты

Леонарду Жардимнің «Монакосы» УЕФА Чемпиондар лигасының ширек финалына шықты

Леонарду Жардимнің «Монакосы» УЕФА Чемпиондар лигасының ширек финалына шықты

УЕФА Чемпиондар лигасының 1/8 финалында кездескен «Монако» мен «Манчестер Сити» арасындағы матч 3:1 есебімен алаң иелері пайдасына аяқталды. Екі ойындағы жалпы есеп 6:6 болып, монегасктер сырт алаңда салынған голдар санының артықшылығымен УЕФА Чемпиондар лигасының ширек финалына шықты.

Кездесудің алғашқы минуттарынан белсенді болған алаң иелері есепті 8-ші минутта ашты. «Манчестер Сити» қақпасы алдыңдағы қарбаласты сәтті пайдаланған «Монако» футболшысы Килиан Мбаппе кездесудегі алғашқы гол авторы атанды.

Ойынның 29-шы минутында «Монако» футболшысы Фабиньо сол қапталдан келген добты дәл қақпаға бағыттап, есепті еселей түсті.

Екінші таймның ортасында Рахим Стерлингтің соққысынан кейін Субашичтен қайтқан допты Лерой Сане «Монако» қақпасына бағыттады.

77-ші минутта «Манчестер Сити» қорғаушылары назарынан тыс қалған Тьемуэ Бакайоко басымен гол салып, кездесудегі соңғы нүктені қойды.

«Монако» - «Манчестер Сити» 3:1

Жалпы есеп - 6:6 (сырт алаңдағы голдар 3:1)

«Монако» - «Манчестер Сити» кездесуін тікелей эфирде көрсеткен «Kazsport» телеарнасы.

Бөлісу