Басты Жаңалықтар Қазақстан Армения құрамасына есе жіберді

Қазақстан Армения құрамасына есе жіберді

Қазақстан Армения құрамасына есе жіберді

Футболдан Қазақстан құрама командасы 2018 жылы Ресей жерінде өтетін Әлем чемпионатына іріктеу турнирі аясында Е тобындағы бесінші кездесуін Армения құрамасымен өткізді. Армения астанасы Ереван қаласындағы Вазген Саркисян атындағы республикалық стадионда өткен матчтың алғашқы таймында есеп ашылмады. Ал, екінші таймда матчтың 73-ші минутында Армения құрамасының капитаны Генрих Мхитарян есеп ашты. Бірінші голдың ізін ала екіншісін қарсылас командадағы Араз Озбилис ойынның 75-ші минутында-ақ салып үлгерді. Осылайша, бұл - Қазақстан құрамасының 5 тур бойынша үшінші сәтсіздігі. Команда қоржынында 2 ұпай, ал, топта ең соңғы алтыншы орынға жайғасқан. Өз кезегінде армениялықтар екінші жеңісіне жетіп, төртінші орынға көтерілді. Еске сала кетейік, Армения-Қазақстан құрамалары арасындағы матчты «Қазақстан» және «Kazsport» телеарналары тікелей эфирде көрсетті.

 

Бөлісу