Бүгін - Қазақстан футболы күні!

25 сәуір - Қазақстан футболы күні!

Футбол - Қазақстанда ең танымал спорт түрі. 1994 жылы Қазақстан FIFA-ның толыққанды мүшесі атанды. 2002 жылдың 25 сәуірінде Қазақстан UEFA-ның 52-ші мүшесі болып қабылданды. Қазақстан футбол федерациясын Еуропа футбол қауымдастықтары одағы құрамына қабылдау туралы шешім Стокгольмде өткен УЕФА конгресінде бекітілген. Содан бері бұл күн Қазақстан футболы күні ретінде аталып өтіледі.

Қазақстан футбол Отаны – Семей өңірі.Бұл қалада 1913 ССК, «Олимп», «Ласточка», «Орлята» және «Ярыш» атты алғашқы қазақстандық командалар пайда болған.  Кейбір деректерде аяқ доп ойынын Орталық Азия мен Сібір бойынша ірі сауда орталықтарының бірі саналған Семей қаласына ағылшын саудагерлері алып келгені айтылады.
Кезінде «Ярыш» футбол клубының сапында қазақ атын әлемге «Абай жолы» роман-эпопеясымен танытқан әдебиет алыбы Мұхтар Омарханұлы Әуезов өнер көрсеткен. Жас Мұхтармен бірге жасыл алаңға шыққан отандық футболдың қарлығаштары Ахметсәлім Кәрімов (капитан), Қасымхан Мұхаммедов, Салах Хисматуллин, Зиятдин Рыспаев, Мұхаммед Сайдашев, Юнус Нигматуллин, Әміржан Сыздықов, Ғабдулхан Ғаббасов, Мұхамедулла Құрманов, Гусман Ямбушев, Сабыржан Ахмедшин секілді жеткіншектер біздің елде бұл спорт түрінің кең таралуына жол ашты. Семейлік футбол жылнамашысы Евгений Один тапқан деректерге сүйенер болсақ «Ярыш» халықаралық бәсекеге қатысқан алғашқы команда болып есептеледі. Әңгіме «Ярыштың» Семей қаласындағы Бірінші дүниежүзілік соғыс тұтқындарынан жасақталған командаға қарсы өткізген кездесулеріне қатысты. Әскери тұтқындар арасында біздің командаға қарсы 1912 жылғы Олимпиада ойындарының екі қатысушысы өнер көрсеткен. Қазақстандық футболдың қарлығаштары алғашқы ойындарын Қазан төңкерісіне дейін күз сайын өткізілетін атақты Семей жәрмеңкесі өтетін алаңқайда өткізіп келді.

«Kazsport» арнасы Қазақстан футбол федерациясын, футбол ардагерлерін, сондай-ақ, барлық жанкүйерлерді құттықтайды! Сіздерге жарқын жеңістер, табыс және көтеріңкі көңіл-күй тілейміз!

 

Танымал жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар

Лионель Месси – «Интер Майами» тарихындағы ең үздік бомбардир
Ливерпуль Вирц үшін 135 миллион еуро ұсынды: Байер бағада нық тұр
Анна Данилина Ролан Гаррос турнирінде ширек финалға жолдама алды
УЕФА Чемпиондар лигасының маусымы өз мәресіне жетті
Спорттық гимнастикадан Азия чемпионатына қатысатын спортшылар құрамы белгілі болды
Дзюдодан әлем чемпионатына қатысатын Қазақстан құрамасы анықталды
Елназ Калиахмет пен Қазыбек Нөгербек 2025 жылғы Қазақстан чемпиондары атанды
Ташкентте үстел теннисінен өткен турнирде Қазақстан құрамасы 7 жүлдеге ие болды
Қазақстандық каратешілер Grand Winner сыйлығына ие болды
Бокс: Thailand Open турнирінен Қазақстан құрамасы 5 алтын иеленді
Осман Дембеле осы маусымда Чемпиондар лигасының үздік ойыншысы болып танылды
Луис Энрике Чемпиондар Лигасындағы «ПСЖ»-мен бірге жеткен жеңісін қызы Ксанаға арнады
ПСЖ – Интер | Футбол | УЕФА Чемпиондар Лигасы | Финал | Шолу
ПСЖ тарихта тұңғыш рет Чемпиондар Лигасының жеңімпазы атанды
Елизавета Матвеева — Азия чемпионатының күміс жүлдегері
Нора Джеруто Азия чемпионатында алтын медаль жеңіп алды
Джеки Чан ресми түрде каратеден қара белбеу иегері атанды
Ресми: Трент Александер-Арнольд «Реал Мадрид» ойыншысы атанды
Жания Бекмұхамбетова халықаралық турнирде қола жүлдеге ие болды
Криштиану Роналду «Аль-Хиляль» немесе «Аль-Ахли» клубтарына ауысу туралы ұсыныс алды