Басты Жаңалықтар Қазақстан жастары Люксембургті ойсырата ұтты

Қазақстан жастары Люксембургті ойсырата ұтты

Қазақстан жастары Люксембургті ойсырата ұтты

Футболдан Қазақстан жастар құрамасы (U21) 2019 жылғы Еуропа чемпионатына іріктеу кезеңі аясында Люксембург жастар құрамасын ойсырата ұтты. Астанада өткен ойында отандастарымыз 3:0 есебімен жеңіске жетті.

Ойындағы алғашқы голды 7 минутта Иван Антипов соққан. Алайда төрешілер ойыншыны оффсайдта қалды деп есептеп, голды есепке алмады. Араға 3 минут сала Ян Вороговский Қазақстан жастарын алға шығарды. Құрама сапындағы екінші голды да Ян өз еншісіне жазды. Ойынның 13-минутында қорғаушының өрескел қателігін ұтымды пайдаланған ол есепті еселей түсті.

73 минутта қонақтар сапынан қорғаушы Седрик Сакра екінші сары қағазын алып, алаңнан қуылды. Сондай-ақ Люксембург жастар құрамасы қақпасына пенальти белгіленді. 11 метрлік соққыдан Максим Федин мүлт кеткен жоқ.

Қазақстан жастары топтық кезеңде 7 ойын өткізіп 2 рет жеңіс, 3 рет тең түсті. 2 ойында қарсыластарына есе жіберді. 9 ұпаймен үшінші орында келеді.

Талғат Байсуфинов шәкірттері келесі ойынын 7 қыркүйек күні елімізде Словения жастарына қарсы өткізеді.

Бөлісу