Басты Жаңалықтар «Тобыл» Еуропа лигасында «Ордабасының» орнын басады

«Тобыл» Еуропа лигасында «Ордабасының» орнын басады

«Тобыл» Еуропа лигасында «Ордабасының» орнын басады

Қостанайдың «Тобылы» Еуропа Лигасына қатысу құқығын растайтын сертификатқа ие болды, деп хабарлайды  Қазақстан футбол федерациясының баспасөз қызметі.

«УЕФА клубтық турнирлеріне қатысу үшін қаржылық фэйр-плэй және футбол клубтарын сертификациялау ережесінің» негізіне сәйкес өткен Сертификация комиссиясының отырысында келесі шешімдер қабылданды:

- 2018/2019 жылғы УЕФА маусымының клубық жарыстарына қатысу құқығы үшін келесі клубтарға сертификат беру:

«Астана» футбол клубы (Астана қ.);

«Қайрат» футбол клубы (Алматы қ.);

«Ертіс» футбол клубы (Павлодар қ.).

- «Ордабасы» футбол клубына (Шымкент қ.) «УЕФА клубтық турнирлеріне қатысу үшін қаржылық фэйр-плэй және футбол клубтарын сертификациялау ережесінің» қаржылық талаптарды орындамағаны үшін (52-бап – әлеуметтік қорлар мен салықтық органдар алдында кредиторлық қарыздарды өтеу уақытының бақылау мерзімін бұзғаны үшін) 2018/2019 жылғы маусымда УЕФА жарыстарына қатысу құқығына Сертификат беруден бас тарту  

- «Тобыл» футбол клубына (Қостанай қ.) 2017 жылғы Премьер-лига командалары арасында Қазақстан Чемпионатының қорытындысы бойынша спорттық нәтиже негізінде және «УЕФА клубтық турнирлеріне қатысу үшін қаржылық фэйр-плэй және футбол клубтарын сертификациялау ережесінің» барлық талаптарын орындағаны үшін 2018/2019 жылғы маусымда УЕФА жарыстарына қатысу құқығына Сертификат беру.

Бөлісу