Басты Жаңалықтар Қазақстан жастар құрамасының Әзірбайжан құрамасына қарсы құрамы жарияланды

Қазақстан жастар құрамасының Әзірбайжан құрамасына қарсы құрамы жарияланды

Қазақстан жастар құрамасының Әзірбайжан құрамасына қарсы құрамы жарияланды

21 жасқа дейінгі Қазақстан жастар құрамасының аға жаттықтырушысы Талғат Байсуфинов Әзірбайжан жастар құрамасымен өтетін ойынға шақырылған футболшылардың тізімін жариялады.

Қақпашылар: Тимурбек Закиров («Қызыл-Жар СК»), Данил Подымский («Алтай»), Бекхан Шайзада («Ордабасы»);

Қорғаушылар: Айбол Әбікен («Қайрат»), Бекзат Шадманов, Сағадат Тұрсынбай (екеуі де – «Тараз»), Қуаныш Қалмұратов («Атырау»), Максим Федин («Тобыл»), Карам Сұлтанов («Қызыл-Жар СК»);

Жартылай қорғаушылар: Самат Шәмші («Ордабасы»), Ринат Жұматов («Атырау»), Ян Вороговский («Қайрат»), Иван Антипов («Ақжайық»), Наурызбек Жагоров («Оқжетпес»), Юрий Перцух («Астана»), Данабек Қуанышбай, Жахонгир Ходжамов, Серікжан Абжал (барлығы – РЦОП Беларусь), Мәди Жақыпбаев («Шахтер»);

Шабуылшылар: Оралхан Өміртаев («Шахтер»), Нұрбол Әнуарбеков («Екібастұз»), Едіге Оралбай («Ақжайық»), Дидар Жалмұқан («Ақтөбе»), Олег Чепрасов («Веллен», Бельгия).

Қосалқы құрам: қақпашы – Дмитрий Колбунцов («Жетісу»), қорғаушылар – Сұлтан Әбілғазы («Тобыл»), Руслан Әлімбаев («Шахтер»), жартылай қорғаушылар – Рашид Люхай («Қайрат»), Демият Сламбеков («Жетісу»).

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан жастар құрамасы мен Әзербайжан жастар құрамасы арасындағы ойын 4 маусым күні "Астана Арена" стадионында өтеді.

Бөлісу