Басты Жаңалықтар Футболдан Ұлттық құраманың Әзірбайжанға қарсы ойнайтын құрамы белгілі болды

Футболдан Ұлттық құраманың Әзірбайжанға қарсы ойнайтын құрамы белгілі болды

Футболдан Ұлттық құраманың Әзірбайжанға қарсы ойнайтын құрамы белгілі болды

Футболдан Қазақстан Ұлттық құрамасының бас бапкері Станимир Стоилов 5 маусым күні Әзірбайжанға қарсы өтетін жолдастық кездесуге шақырылған ойыншылар тізімін жариялады.

Бас бапкер аталмыш ойынға 24 ойыншыны шақырған екен.

Қақпашылар: Ненад Эрич («Астана»), Владимир Плотников («Қайрат»);

Қорғаушылар: Сергей Малый, Юрий Логвиненко, Дмитрий Шомко, Евгений Постников, Абзал Бейсебеков (барлығы— «Астана»), Гафуржан Суюмбаев, Станислав Лунин, Ян Вороговский, Нұралы Әліп (барлығы — «Қайрат»);

Жартылай қорғаушылар: Серікжан Мужиков, Бахтиер Зайнутдинов (екеуі де — «Астана»), Бауыржан Исламхан, Магомед Парагульгов, Исламбек Қуат, Георгий Жуков (барлығы — «Қайрат»), Максим Федин («Тобол»), Еркебұлан Тұңғышбаев («Ордабасы»);

 

Шабуылшылар: Роман Муртазаев, Алексей Щеткин (екеуі де — «Астана»), Вячеслав Швырев («Қайрат»), Бауыржан Тұрысбек («Тобол»), Еркебұлан Сейдахмет («Уфа», Ресей);

 

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан мен Әзірбайжан құрамалары арасындағы жолдастық кездесу 5 маусым күні «Астана Арена» стадионында өтеді.

Бөлісу