Басты Жаңалықтар Сенімді жеңіс! Қазақстан Әзірбайжанды ойсырата жеңді

Сенімді жеңіс! Қазақстан Әзірбайжанды ойсырата жеңді

Футболдан Қазақстан  мен Әзірбайжан құрамалары арасындағы жолдастық кездесуінде қазақстандықтар басым түсті. Алаң иелері қарсыластарын 3:0 есебімен ойсырата жеңді.

 

Бірінші таймның 13-інші және 15-минутында қазақстандық Роман Мұртазаев пен Серікжан Мужиков гол салып көзге көрінді. Ойын нүктесін 89-минутта болашағынан үміт күттірер Бахтиёр Зайнутдинов қойды. Осылайша, футболшыларымыз 3:0 есебімен айқын басымдықпен жеңді.  

Бұл Қазақстан мен Әзірбайжан арасында сегіз ойын болған. Қазақстан құрамасы 3 мәрте жеңіске жетсе, екі мәрте жеңілді, 2 ойында тең ойын тіркелді. Соңғы мәрте құрамалар 2016 жылы 26 наурызда Түркияның Анталия қаласында жасыл алаңға шығып, отандастарымыз басым түскен еді.

 

ФИФА-ның соңғы рейтингінде Қазақстан 117-орында тұрса, Әзербайжан 126-орынға жайғасқан.

 

Қазақстан – Әзірбайжан 3:0 (2:0)

Голы: Мұртазаев 12, Мужиков 14, Зайнутдинов 90

Бөлісу