Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев XXVIII Дүниежүзілік Қысқы Универсиада ойындарының ашылу рәсіміне қатысуда
Алматыда 12 000 орындық «Алматы арена» кешенінде XXVIII Дүниежүзілік Қысқы Универсиада ойындарының салтанатты ашылу рәсімі өтіп жатыр.
Шараға Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев қатысуда. Сондай-ақ, Халықаралық студенттер федерациясының президенті Олег Матыцин және бірқатар мәртебелі меймандар бар.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, ашылу салтанатының тұжырымдамасы «Болашағымыз салауатты жастардың қолында» деген идеяға негізделген. Ойындардың ашылу рәсімі «Кіріспе», «Жастар-Өмір-Еркіндік», «Энергия: Жер-Су-Жел-От» және «Болашақ» деп аталатын 4 негізгі бөліктен тұрады. Көрсетілетін театрландырылған қойылымның басты тақырыбы Қазақстанның Ұлы дала дәуірінен қазіргі заманға дейінгі тарихына сондай-ақ, елдің болашақ жоспарларына арналады.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қазақстан құрамасы отырып ойнау волейболынан V Пара Азия ойындарының күміс жүлдегері атанды
23.10.2026, 14:00
Кирилл Ильюкевич пен Глеб Брусенский V Азия Пара ойындарының күміс жүлдегері атанды
23.10.2026, 09:05
Пара велоспорт: Қазақстан құрамасы алтын және күміс медаль жеңіп алды
23.10.2026, 09:00
Наиль Ермуханбет пен Руслан Алиев V Пара Азия ойындарының чемпионы атанды
23.10.2026, 09:00
Мемлекет басшысы «Атлетико Мадрид» бас директоры Мигель Анхель Хиль Маринді қабылдады
22.10.2026, 18:30
Қазақстан құрамасы пара жүзуден күміс жүлдегер атанды
22.10.2026, 17:00
Марат Суртубаев пен Алтынай Ержанқызы V Азия Пара ойындарының қола жүлдегері
22.10.2026, 14:20
Иван Зелезняк V Азия Пара ойындарының қола жүлдегері
22.10.2026, 10:05