X Азия Чемпионатының баспасөз конференциясы өтті

Астанадағы «Qazaqstan» спорт кешенінде жабық кешендегі X Азия Чемпионатының баспасөз конференциясы өтті

Жиынға жеңіл атлетика қауымдастығының президенті – Дахлан әл-Хамад, Қазақстан Республикасы жеңіл атлетика Федерациясының президенті – Даниал Ахметов, Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт вице-министрі – Серік Жараспаев, Қазақстан Республикасы жеңіл атлетикадан ұлттық құрама команданың бас жаттықтырушысы – Дмитрий Карпов және Жабық Кешендегі Әлем Чемпионатының қола жүлдегері – Надежда Дубовицкая қатысты. Олар Чемпионаттың ерекшеліктері туралы айтып, сұрақтарға жауап берді.

«Мен осы чемпионатты ұйымдастыру деңгейіне өте қуаныштымын. Бұл (құрылыс) Қазақстан кешенібізді таң қалдырды. Осы чемпионатқа қатысу үшін келген әр түрлі елдердің барлық спортшылары жақсы әсер алып, жасалған барлық жағдайларға дән риза. Мен Қазақстан халқы және ұйымдастырушылардың жеңіл атлетикадан әлемдік деңгейдегі жарыстарды қабылдауға дайындығын көріп отырмын. Бұл ғимаратта күндердің күні жабық жайдағы жеңіл атлетикадан Әлем чемпионаты өтетініне сенімдімін», - деді алғы сөзінде Дахлан әл-Хамад.

Жиын барысында спикерлер атқарылған жұмыстар туралы айтып, алға қойылған жоспарлармен бөлісті. Сонымен қатар журналистер ҚР жеңіл атлетика президентінен шетелде туып өскен спортшылардың азаматтық алып,Қазақстан атынан сынға түсуі туралы ойын білді.

«Бұл әлемдік үрдіс, спорт – баршаға ортақ, спорт – саясаттан тыс. Әр спортшы өмір сүруге ыңғайлы, жаттығуға ыңғайлы жерді таңдайды. Біз әр түрлі спортшыларды шақырамыз, және бұл тек жеңіл атлетикада ғана емес. Ал келген спортшылар өздерінің біліктілігін, бай тәжірибесін жергілікті спортшыларға жеткізеді», деді Даниал Ахметов.

Ұлттық құрама спортшысы Надежда да Чемпионатқа дайындығы және аталмыш жарыстан күтер көрсеткішімен бөлісті. «Мен жабық жайда өнер көрсеткенді ұнаматын. Неге екенін түсіндіре алмаймын, дегенмен жабық жайда мен өзімді жақсы сезінемін. Азия Чемпионатында бәсекелестік өте жақсы. Бірақ мен әр спортшы үшін қарсылас – өзі екенін айтқым келеді. Спортшы мұны түсінген кезде,жақсы нәтиже көрсете алады», деді Надежда Дубовицкая.

Жиын соңында Даниал Ахметов Чемпионатта топ жаратын жаңа есімдер туралы айтуға асықпайтынын, дегенмен ұлттық құрама спортшылары қоржынға тоғыз жүлде алып келеді деген сенім барын айтты.


Танымал жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар

Артём Антропов Азия чемпионатының күміс жүлдегері
Қазақстан Венгрияға есе жіберді
Ғалымжан Смағұлұлы пара дзюдодан Әлем чемпионының күміс жүлдегері атанды
Бексұлтан Құлмырза пара дзюдодан Әлем чемпионы атанды
Ерғали Шамей - Әлем чемпионатының қола жүлдегері
Даяна Федосова - Әлем чемпионатының қола жүлдегері
Айназ Құралова Әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды
  • Дзюдо
Ерасыл Қажыбаев Qazaqstan Barysy Grand Slam турнирінің күміс жүлдегері атанды
Бақжан Байтас Qazaqstan Barysy Grand Slam турнирінде қола медальға ие болды
  • Дзюдо
Абылайхан Жұбаназар - Qazaqstan Barysy Grand Slam жарысының қола жүлдегері
Қазақстандық хоккейшілер Әлем чемпионатын жеңіспен бастады
Есет Қуанов «Grand Slam» турнирінде қола жүлдеге ие болды
Ғұсман Қырғызбаев Grand Slam Qazaqstan Barysy турнирінде күміс жүлдеге ие болды
Талғат Орынбасар Qazaqstan Barysy Grand Slam 2025 турнирінің күміс жүлдегері атанды
«Манчестер Юнайтед» Еуропа лигасының финалына шықты
Усман Дембеле енді «Алтын допқа» басты үміткер
Бекзат Алмахан мен Брэд Катона жекпе-жегі 11 мамырдағы UFC 315 турнирін ашады
Луис Энрике шәкірттері Чемпиондар Лигасының финалына шықты
«Интер» Чемпиондар лигасының финалына шықты
Әділбек Мусин халықаралық турнирде алтын медаль жеңіп алды