Пара волейболдан Қазақстан құрамасы Паралимпиаданың топтық кезеңде Египетке есе жіберді
XVII Жазғы Паралимпиада ойындарында волейболды отырып ойнаудан Қазақстан құрамасы Египетке 1:3 есебімен жеңілді. Ойынның бірінші және екінші партиясы 21:25, 23:25 есебімен қарсыластың еншісіне кетті. Үшінші партияда Қазақстан 25:16 есебімен жеңіске жеткенімен төртінші сет Египеттің пайдасына 25:18 есебімен аяқталды.
Айта кетейік, Паралимпиада ойындарында сегіз команда қатысып, олар А және В топтарына бөлінген. Әр топтан жартылай финалға үздік екі команда шығады.
Бұған дейін А тобының топтық кезеңінде Қазақстан құрамасы Францияны 3:2 есебімен жеңіп, Босния және Герцеговина командасына 3:1 есебімен жеңіліп қалған болатын. Босния және Герцеговина құрамасы Мысыр командасын жеңіп, жартылай финалға шығуға мүмкіндік алды. Ал, Мысыр құрамасы Франция мен Қазақстанды жеңіп А тобынан жартылай финалға шықты.
В тобында Иран құрамасы Бразилия мен Украинаны жеңіп, жартылай финалға жолдама алды, ал Германия құрамасы Украина мен Бразилиядан басым түсіп, жартылай финалға шығу мүмкіндігін нығайтты.
Енді құрама команда Паралимпиада ойындарының бесінші орыны үшін таласты жалғастырады.
В тобында Иран құрамасы Бразилия мен Украинаны жеңіп, жартылай финалға жолдама алды, ал Германия құрамасы Украина мен Бразилиядан басым түсіп, жартылай финалға шығу мүмкіндігін нығайтты.
Енді құрама команда Паралимпиада ойындарының бесінші орыны үшін таласты жалғастырады.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Бокстан U19 Әлем чемпионатына қатысатын Қазақстан құрамасы белгілі болды
12.10.2026, 17:10
Қазақстан құрамасы V Азия Пара ойындарына аттанды
12.10.2026, 15:35
Мария Севостьянова Париждегі Гран-при кезеңінде қола медаль жеңіп алды
12.10.2026, 11:04
Алан Құрманғалиев Қытайдағы халықаралық турнирде күміс медаль жеңіп алды
12.10.2026, 11:02
Дастан Сәтпаев «Бернли» сапына қосылды
09.10.2026, 15:50
Денис Тен мемориалы: Софья Самоделкина үздік үштікке енді
09.10.2026, 11:30
Семсерлесуден Қазақстан құрамасы әлем кубогы кезеңінде бақ сынайды
08.10.2026, 15:00
Аичи-Нагоя: V Азия Пара ойындарына 10 күн қалды
08.10.2026, 11:00