Басты Жаңалықтар Богдан Вехов шорт-тректен жасөспірімдер арасындағы Әлем чемпионатында қола медаль жеңіп алды

Богдан Вехов шорт-тректен жасөспірімдер арасындағы Әлем чемпионатында қола медаль жеңіп алды

Богдан Вехов шорт-тректен жасөспірімдер арасындағы Әлем чемпионатында қола медаль жеңіп алды

АҚШ-тың Солт-Лейк-Сити қаласында шорт-тректен жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионаты өтіп жатыр.


Богдан Вехов 1000 метр қашықтықта сәтті өнер көрсетті. Вехов 1:24.177 уақыт көрсеткішімен мәре сызығын кесіп, қола жүлдегер атанды.


Алтын медальді Оңтүстік Корея өкілі Пак Соджун (1:23.802) жеңіп алса, күміс жүлде Қытай спортшысы Юйхэн Лиге (1:23.903) бұйырды.


Богдан шорт-тректен жасөспірімдер арасында 1000 метр қашықтықта 1:21.958 уақыт көрсетіп, жаңа әлем рекордын орнатты! Бұл — тарихтағы ең үздік нәтиже!


Бұған дейінгі әлем рекорды кореялық спортшы Джу Джехи еншісінде болған еді. Ол 2024 жылдың 15 қарашасында Италияның Бормио қаласында өткен ISU жасөспірімдер арасындағы әлем кубогында 1:22.352 уақытын тіркеген.


Айта кетейік, бұған дейін Қазақстан әйелдер құрамасы эстафеталық жарыста үшінші орынға ие болған еді.

Бөлісу