«Астана» жаттықтырушылар құрамына Паоло Слонгоны шақырды

Тур де Франс додасының келесі маусымына дайындық жүргізіп жатқан «Астана» велошабандозы Винченцо Нибали бұрынғы бапкері Паоло Слонгомен бірге қызмет істейтін болды.

«Астана» жетекшілігі «Cannondale» (бұрынғы атауы - «Liquigas») велокомандасына да бес жыл аянбай тер төккен италиялық маманды өз қатарына шақырды.

«Тур де Франс жеңісі үшін жұмыс жасау маған ұнайды. Сол себепті команда ауыстырдым», - деп мәлімдеді Паоло Слонго.

Слонго 2012 жылғы Тур де Франс додасында Нибалидің үшінші орын алуына көмектесті.

«Астана» велокомандасы 2014 жылы  Тур де Франс көпкүндігінде жеңіске жетуді көздеп отыр. Бұл мақсатқа қол жеткізу үшін команданың бас менеджері Александр Винокуров пен менеджері Джузеппе Мартинелли Слонгоны шақырды.

Паоло Слонго «Cannondale»-ге дейін  Италияның әйелдер және жастар құрамасын жаттықтырды.  Кейін «Cannondale»  командасынан үздік топ жасақтап шығарды. Олардың арасынан Винценцо Нибали және Петер Саган сынды дарынды велошабандоздар шықты.  

 

Танымал жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар

World boxing cup: Қазақстан әйелдер құрамасының қарсыластары анықталды
World boxing cup: Қазақстан ерлер құрамасының қарсыластары кімдер?
Қазақстандық балуандар Азия чемпионатында 13 алтын медаль жеңіп алды
Бейбіт Жукаев алғаш рет «Үлкен дулыға» турнирінің негізгі кезеңіне шықты
Бахтиер Зайнутдинов Ресей Премьер-лигасына қайта оралуы мүмкін
Криштиану Роналду «Аль-Насрмен» жаңа келісімшартқа қол қояды
Әбиба Әбужақынова IJF рейтінгісінде 2-орынға көтерілді
Ислам Чесноков шотландияның «Хартс» клубына ауысуға жақын
Астана қаласында ауыр атлетикадан Азия чемпионаты өтеді
Жайдар Мұқат Азия чемпионатында алтын медаль иеленді
Дзюдодан әскерилер арасында әлем чемпионатында қазақстандық қос балуан қола медаль жеңіп алды
Поль Погба футболға қайта оралды
«Qazsport» телеарнасының директоры Нағи Бақытбек «Құрмет» орденімен марапатталды
Ресми: Артур Шушеначев «Ақтөбе» ойыншысы атанды
Кристина Овчинникова Польшадағы турнирде күміс жүлдеге ие болды
Көркем гимнастикадан жасөспірімдер арасындағы тұңғыш әлем чемпионы Ақмарал Ерекешева елге оралды
Талғарда KFF Academy by International Airport ғимаратының құрылысы басталды
Александр Бублик ATP 500 турнирінің чемпионы атанды
Ақмарал Ерекешева Әлем чемпионатында екі бірдей медаль еншіледі
Зарина Дияс Испаниядағы турнирде топ жарды