Бүгін ауыр атлет Майя Манеза 31 жасқа толды

Майя Салахарқызы Манеза 1985 жылдың 1 қарашасында Қырғызстанда дүниеге келген. Болашақ чемпион бала кезінде ата-анасымен бірге Бейжіңге (Қытай) қоныс аударады. Кішкентай Майяның ауыр атлетикаға бейімділігін байқаған қытайлық ұстаздардың арқасында спортшы қыз серпе және жұлқа көтеруден алғашқы қадамдарын жасай бастады. Қытайда жас ауыр атлетші ел чемпионы болуды армандады.

2007 жылы жас Манезаның тағдырында өзгеріс пайда болды. Қытайға жарысқа келген Алексей Геннадьевич жаттығу кезінде Майя Манеза мен Зульфия Чиншанлоны даралап, болашақ чемпион екендіктеріне көзін жеткізді. Болашақ бапкерін көрген Манеза «Мен үшін сіздің орныңыз бөлек» деген ой түйді.

2008 жылы Бейжіңдегі Олимпиада ойындарына дайындық кезінде Майя шынтағынан жарақат алып, спорттық мансабындағы қасіреті мол сәттерді басынан кешірді. Әсіресе, кәріс атлеті Пак Хен Сук Майяның оңайлықпен бағындыратын салмағын көтеріп, Олимпиада чемпионы атанғаны атлетті қатты қынжылтты. Осы жағдайды басынан өткерген Манеза Бейжің Олимпиадасынан кейін спорттан кетпекші де болды. Бірақ, қуанышына орай, достары мен командалық әріптестері атлеттің намысын қайрап, жылдар бойы жинаған тәжірибесінен оңайлықпен бас тартпауын сұрап, ақылдарын айтты.

Келесі жылы Манеза ресейлік Царукаеваны басып озып, әлем чемпионы атанды. Қос спортшы да бірдей салмақты бағындырды. Бірақ, ХОК ережесі бойынша, Майя зілтемірді оңай көтергендіктен, алтынды еншіледі.

Виктор және Алексей Ни секілді жаттықтырушылармен өткізген қарқынды дайындықтар арқасында Майя 2010 жылы ауыр атлетикадан Антальяда (Түркия) өткен әлем чемпионатының алтынын иеленді (63 келі). Сондай-ақ Гуанджоудағы жазғы Азиадалық ойындарда алтын еншілеп, серпе көтеруден өзінің әлемдік рекордын жаңартты (143 кг).

Қазақстанда бастаған спорттық мансабына үш жыл өткен Майя Манеза екі дүркін әлем чемпионы болып үлгерді.

2011 жылы Парижде ауыр атлетикадан өткен әлем чемпионатында атлетіміз тұрақты қарсыласымен бірдей салмақта өнер көрсетсе де, күмістен алқа тағынды. Сол жылы Светлана Царукаева Майяның есепке алынбаған соңғы талпынысының арқасында жеңіске жетті.

2012 жылы Лондондағы Олимпиада ойындарында Майя Манезаның өнерін бүкіл дүние жүзі назарынан тыс қалдырмады, себебі оның басты қарсыласы Светлана Царукаева алғашқы жұлқа көтеруден болған бірінші жаттығуда 112 келімен жеңіске жеткен еді. Алайда, бұл көрсеткішіне бапкері аса таңданбады. Себебі біздің Майя серпе көтеруден алдына жан салмайды. Барлық қарсыластар талпыныстарын 125-135 келімен аяқтаса, біздің чемпион 135 келіні оңай бағындырды. Осылайша, ауыр атлетімізге Лондон Олимпиадасының алтынын иемдену үшін бір ғана талпыныс жеткілікті болды.

Майя Манезаны марапаттау рәсімі кезінде атлет сезімге ырық бермеген сияқты еді, ал, мемлекеттік әнұран шырқалып, Қазақстанның туы желбірегенде басынан өткізген қиыншылықтар көз алдынан өтіп, атлет жылап жіберді. Сол мезетте ол өзінің жаттықтырушылары, достары мен туыстарына және дәл сол уақытта демеу көрсеткен жұртшылыққа алғысын жаудырды.

Сәтті өнерлері үшін Майя «Құрмет» орденімен марапатталды. Ол - Қазақстанға еңбегі сіңген спорт шебері. 2012 жылғы Лондон Олимпиадасындағы жеңісінен кейін ол екінші дәрежелі Барыс орденімен марапатталды. Майя Манеза – «Алматы облысының құрметті азаматы» (2012)».

2013 жылдың сәуірінде Майя қазақстандық ауыр атлет, 2006 жылғы Азиада ойындарының чемпионы, жұлқа көтеруден әлем чемпионатының қола жүлдегері Вячеслав Ершовқа тұрмысқа шықты.

2013 жылдың тамыз айында олардың балалары дүниеге келді. Арсен есімді баланың салмағы 3 келі, бойы 52 сантиметр.

Оған қоса, Майя Манеза әлемнің бірқатар елдеріне, әсіресе Америка Құрама штатына саяхаттауды армандайды.

Қазақстанның атын әлемге танытқан спортшыны туған күнімен құттықтаймыз!

Дерек көзі: confederation.kz

Суреттер vlast.kz, bnews.kz, diapazon.kz, friends.kz, vesti.kz, kazakh.ru сайттарынан.

Танымал жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар

Қазақстан құрамасы футболдан Әлем чемпионатының жеребе тарту рәсімінде J тобына жайғасты
Абылайхан Жүсіпов Азия чемпионы атанды
«Астана» «Челсиге» есе жіберді
Қазақстандық ауыр атлет Әлем чемпионы атанды
Ел мерейін асқақтатқан спортшылар
Қазақстандық қыздар Азия чемпионатында бес алтын еншіледі
Қазақстан құрамасынан 14 спортшы Азия чемпионатының финалына шықты
Шавкат Рахмонов мансабындағы 19-жеңісіне қол жеткізді
Шавкат Рахмонов пен Иэн Гэрри көз түйістірді
Бокстан Азия чемпионаты «Qazsport» телеарнасына қатысы жоқ себептерге байланысты көрсетілмейтін болды
КФФ президенттігіне үміткерлердің есімдері белгілі болды
Бокс: Алуа Балқыбекова сырқатына байланысты жарысқа қатыса алмайды
Бейбарыс Жексен өзбекстандық боксшыдан басым түсті
Бокс: Оразбек Асылқұлов қарсыласын мерзімінен бұрын жеңді
Азия чемпионаты: Дулат Бекбауов ширек финалда
Шаңғы жарысы: Финляндиядағы Әлем Кубогына қатысатын ел құрамасы жасақталды
Руслан Құрбанов семсерлесуден Әлем кубогында қола медаль жеңіп алды
Қазақстандық шахматшылар Әлем чемпионатында топ жарды
Түркістанда қазақ күресінен Әлем кубогы аяқталды
Қазақстандық балуандар Оңтүстік Кореяда өткен турнирде алты жүлдеге ие болды