Каратеден Премьер-лига жарысына қатысатын Қазақстан құрамасы анықталды

Мароккода 30 мамыр – 1 маусым аралығында каратеден Премьер-лиганың шешуші бәсекесі өтеді.
Қазақстан карате федерациясынан мәліметінше жарысқа 64 мемлекеттен 376 спортшы жүлдеге таласады. Турнир аяқталған соң Рабатта жылдың үздік спортшыларына Grand Winner жүлдесі табысталады.
Ұлттық құрама сапынан Мөлдір Жаңбырбай, Софья Берульцева және Әсел Қанай Grand Winner-ден үмітті.
Рабатта ел намысын қорғайтын спортшылар тізімі:
Әйелдер:
Мөлдір Жаңбырбай (-50 кг)
Гүлмира Үсенова (-55 кг)
Әсел Қанай (-61 кг)
Николь Ценгель (-61 кг)
Айжан Бәкірова (-61 кг)
Софья Берульцева (+68 кг)
Ерлер:
Дархан Темірәлиев (-60 кг)
Дидар Әмірәлі (-67 кг)
Олжас Алтынбек (-67 кг)
Қайсар Алпысбай (-67 кг)
Нұрқанат Әжіқанов (-75 кг)
Данияр Юлдашев (-84 кг)
Никита Тарнакин (-84 кг)