Елена Рыбакина Аустралия ашық чемпионатының финалында жеңілді
Теннистен әлемнің 25-ші ракеткасы Елена Рыбакина WTA рейтингінде 5-орында тұрған Арина Соболенкодан жеңіліп қалды.
Беларусь спортшысы Мельбурн қаласындағы жарыста жеңіске жетіп, алғаш рет Үлкен Дулыға санатындағы турнирде топ жарды. Есеп: 6:4, 3:6, 4:6.
«Род Лейвер Аренада» өткен матч 2 сағат, 29 минутқа созылды. Финалға дейін қарсыласына бірде-бір сетте жеңілмеген Арина алғашқы сетте жеңілгенімен, екінші, үшінші сет барысында ұтып, ойын тағдырын өз пайдасына шешті. Елена болса, финалға дейін АҚШ өкілі Дэниель Колинсті үш сетте жеңген.
Осы турнирден соң Елена спорттық мансабында алғаш рет WTA рейтингінде үздік ондыққа кіреді. Ал Арина Соболенко болса, әлемнің екінші ракеткасы болады.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Абзал Тұлыбеков жамбы атудан алтын медаль жеңіп алды
02.09.2026, 18:00
Қазақстан боксшылары Азия ойындарына соңғы дайындықтарын пысықтады
02.09.2026, 17:38
Аударыспақтан Қазақстан құрамасы екі алтын және бір күміс медаль жеңіп алды
02.09.2026, 16:00
Елена Рыбакина US Open турнирінің екінші айналымына өтті
02.09.2026, 11:00
Ресми: Энцо Фернандес «Манчестер Сити» ойыншысы
02.09.2026, 09:30
Орал татамиіндегі тартыс: Қазақстан чемпиондары анықталды
01.09.2026, 16:00
Қазақстан велотректен жасөспірімдер арасындағы Азия кубогында бес алтын медаль жеңіп алды
01.09.2026, 11:30
VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылу салтанаты өтті
01.09.2026, 10:30