ОАР – Канада: Тікелей эфир!
Футболдан Әлем чемпионатының 1/16 финалында ОАР мен Канада құрамалары кездеседі.
Матч Лос-Анджелес қаласындағы «Лос-Анджелес Стэдиум» стадионында өтеді.
ОАР топтық кезеңде Мексикадан 0:2 есебімен жеңіліп, Чехиямен 1:1 есебімен тең ойнады және соңғы турда Оңтүстік Кореяны 1:0 есебімен жеңіп, А тобында екінші орын алды. Ал Канада алғашқы турда Босния және Герцеговинамен 1:1 есебімен тең түсіп, кейін Қатарды 6:0 есебімен ойсырата ұтты. Соңғы турда Швейцариядан 1:2 есебімен жеңілгенімен, В тобында екінші орынмен плей-оффқа жолдама алды.
Футбол жанкүйерлері матчты 28 маусым сағат 23:50-де «Qazaqstan» және «Qazsport» телеарналарының тікелей эфирінен тамашалай алады. Сонымен қатар ойын qazaqstan.tv, qazsporttv.kz сайттарында және «Qazaqstan.tv» мобильді қосымшасы арқылы онлайн көре аласыздар.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы