Шерзод Давлатов дзюдодан Еуропа кубогының жеңімпазы атанды
Чехияның Прага қаласында өтіп жатқан дзюдодан Еуропа кубогында қазақстандық спортшылар жүлдегерлер қатарынан көрінді.
60 келіге дейінгі салмақ дәрежесінің финалында Шерзод Давлатов франциялық Ян Мотоли Бонгамбемен белдесіп, қарсыласын мерзімінен бұрын жеңіп, алтын медаль иеленді.
Осы салмақта Нұраділ Әлжан қола жүлде үшін өткен белдесуде отандасы Сұңғат Нұрлатұлынан басым түсті.
Ал әйелдер арасында 78 келіден жоғары салмақта Карина Такиева қола жүлде үшін күресуге мүмкіндік алғанымен, шешуші белдесуде португалиялық Рошели Нунеске есе жіберді.
Айта кетейік, Прагадағы Еуропа кубогы 28 маусымда мәресіне жетеді.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Дастан Сәтпаев «Бернли» сапына қосылды
09.10.2026, 15:50
Денис Тен мемориалы: Софья Самоделкина үздік үштікке енді
09.10.2026, 11:30
Семсерлесуден Қазақстан құрамасы әлем кубогы кезеңінде бақ сынайды
08.10.2026, 15:00
Аичи-Нагоя: V Азия Пара ойындарына 10 күн қалды
08.10.2026, 11:00
WBO президенті Жәнібек Әлімханұлының жекпе-жегіне қатысты мәлімдеме жасады
08.10.2026, 10:00
Лионель Месси Аргентина құрамасындағы соңғы ойынын өткізді
07.10.2026, 10:10
Шерзод Давлатов - Әлем чемпионатының күміс жүлдегері
04.10.2026, 21:01
Қазақстан Азиаданы тарихи нәтижелермен қорытындылады
04.10.2026, 15:02