Басты Жаңалықтар Германия – Парагвай: Тікелей эфир!

Германия – Парагвай: Тікелей эфир!

Германия – Парагвай: Тікелей эфир!

Футболдан Әлем чемпионатының 1/16 финалында Германия мен Парагвай құрамалары өзара кездеседі.

Матч Бостон қаласындағы «Бостон Стэдиум» стадионында өтеді.
Германия Е тобында бірінші орын алып, алғашқы турда Кюрасаоны 7:1 есебімен ойсырата жеңді, кейін Кот-д'Ивуардан 2:1 есебімен басым түсті. Топтық кезеңнің соңғы турында Эквадорға 1:2 есебімен есе жібергенімен, плей-оффқа топ жеңімпазы ретінде шықты.
Ал Парагвай D тобында АҚШ-тан 1:4 есебімен жеңіліп, кейін Түркияны 1:0 есебімен ұтты және Австралиямен 0:0 есебімен тең ойнап, үздік үшінші орын алған құрамалардың бірі ретінде келесі кезеңге жолдама алды.

Футбол жанкүйерлері матчты 30 маусым сағат 01:20-де «Qazaqstan» және «Qazsport» телеарналарының тікелей эфирінен тамашалай алады. Сонымен қатар ойын qazaqstan.tv, qazsporttv.kz сайттарында және «Qazaqstan.tv» мобильді қосымшасы арқылы онлайн тамашалай аласыздар.

Бөлісу