Нидерланд – Марокко: Тікелей эфир!
Футболдан Әлем чемпионатының 1/16 финалында Нидерланд пен Марокко құрамалары кездеседі.
Матч Монтеррей қаласындағы «Монтеррей Стэдиум» стадионында өтеді.
Нидерланд F тобында бірінші орын алып, алғашқы турда Жапониямен 2:2 есебімен тең ойнады. Кейін Швецияны 5:1, Тунисті 3:1 есебімен жеңіп, плей-оффқа топ жеңімпазы ретінде шықты.
Ал Марокко С тобында екінші орынға ие болды. Команда алғашқы турда Бразилиямен 1:1 есебімен тең түсіп, екінші турда Шотландияны 1:0 есебімен жеңді. Топтық кезеңнің соңғы матчында Гаитиді 4:2 есебімен ұтып, 1/16 финалға жолдама алды.
Футбол жанкүйерлері матчты 30 маусым сағат 05:50-де «Qazaqstan» және «Qazsport» телеарналарының тікелей эфирінен тамашалай алады. Сонымен қатар ойын qazaqstan.tv, qazsporttv.kz сайттарында және «Qazaqstan.tv» мобильді қосымшасы арқылы онлайн көре аласыздар.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы