Франция – Швеция: Тікелей эфир!
Футболдан Әлем чемпионатының 1/16 финалында Франция мен Швеция құрамалары өзара кездеседі.
Кездесу Нью-Йорк Нью-Джерси қаласындағы «Нью-Йорк Нью-Джерси Стэдиум» стадионында өтеді.
Франция топтық кезеңде үш матчтың барлығында жеңіске жетіп, I тобын 9 ұпаймен бірінші орыннан аяқтады. Француздар Сенегалды 3:1, Иракты 3:0 және Норвегияны 4:1 есебімен жеңді.
Ал Швеция F тобында үздік үшінші орын алған құрамалардың бірі атанды. Олар Тунисті 5:1 есебімен ұтып, Нидерландтан 1:5 есебімен жеңіліп, Жапониямен 1:1 есебімен тең ойнады.
Футбол жанкүйерлері матчты 1 шілде сағат 01:50-де «Qazaqstan» және «Qazsport» телеарналарының тікелей эфирінен тамашалай алады. Сонымен қатар ойын qazaqstan.tv, qazsporttv.kz сайттарында және «Qazaqstan.tv» мобильді қосымшасы арқылы онлайн тамашалай аласыздар.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы