Басты Жаңалықтар Мексика – Эквадор: Тікелей эфир!

Мексика – Эквадор: Тікелей эфир!

Мексика – Эквадор: Тікелей эфир!

Футболдан Әлем чемпионатының 1/16 финалында Мексика мен Эквадор құрамалары кездеседі.

Ойын Мехико қаласындағы «Мехико-сити Стэдиум» стадионында өтеді.
Мексика А тобында үш матчтың барлығында жеңіске жетіп, қарсыластарына бірде-бір гол жібермей, 9 ұпаймен плей-оффқа шықты. Мексикалықтар ОАРды 2:0, Оңтүстік Кореяны 1:0 және Чехияны 3:0 есебімен жеңді.
Эквадор Е тобында 4 ұпай жинап, үздік үшінші орын алған командалардың қатарынан көрінді. Олар Кот-д'Ивуардан 0:1 есебімен жеңіліп, Кюрасаомен 0:0 есебімен тең ойнады және шешуші турда Германияны 2:1 есебімен жеңді.

Футбол жанкүйерлері матчты 1 шілде сағат 05:50-де «Qazaqstan» және «Qazsport» телеарналарының тікелей эфирінен тамашалай алады. Сонымен қатар ойын qazaqstan.tv, qazsporttv.kz сайттарында және «Qazaqstan.tv» мобильді қосымшасы арқылы онлайн көруге болады.

Бөлісу