АҚШ – Босния және Герцеговина: Тікелей эфир!
Футболдан Әлем чемпионатының 1/16 финалында АҚШ пен Босния және Герцеговина құрамалары өзара кездеседі.
Матч Сан-Франциско Бэй Ариа қаласындағы «Сан-Франциско Бэй Ариа Стэдиум» стадионында өтеді.
АҚШ құрамасы D тобында екі жеңіс пен бір жеңіліс тіркеп, 6 ұпаймен плей-оффқа шықты. Америкалықтар Парагвайды 4:1, Аустралияны 2:0 есебімен жеңіп, соңғы турда Түркияға 2:3 есебімен жол берді.
Ал Босния және Герцеговина В тобында 4 ұпай жинап, үздік үшінші орын алған құрамалардың бірі ретінде келесі кезеңге өтті. Команда Канадамен 1:1 есебімен тең түсіп, Швейцариядан 1:4 есебімен жеңілді және шешуші матчта Катарды 3:1 есебімен ұтты.
Футбол жанкүйерлері матчты 3 шілде сағат 04:50-де «Qazaqstan» және «Qazsport» телеарналарының тікелей эфирінен көре аласыздар. Сонымен қатар ойын qazaqstan.tv, qazsporttv.kz сайттарында және «Qazaqstan.tv» мобильді қосымшасы арқылы онлайн тамашалай аласыздар.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы