«Qazsport» телеарнасындағы Португалия – Өзбекстан матчы рейтингте көш бастады
Әлем чемпионатының топтық кезеңі аясында «Qazsport» телеарнасынан көрсетілген Португалия – Өзбекстан матчы барлық телеарналар рейтингінде ең жоғары көрсеткішке ие болды.
Кездесуді телеарна мен сайт арқылы 2 млн-ға жуық көрермен тамашалаған. Матчтың рейтинг көрсеткіші 4,76 пайызды, ал көрермен үлесі 45,1 пайызды құрады (K Research Central Asia деректері).
Сонымен қатар ТОП-5 матчтың қатарына енген Португалия – Конго ДР кездесуін - 1 680 161, Аргентина – Аустрия матчын - 1 300 582, Испания – Кабо-Верде ойынын - 1 200 275, Германия – Кюрасао кездесуін 1 100 042 адам тамашалаған.
Телеарна рейтингіндегі ТОП-5 матч:
1. Португалия – Өзбекстан - Rtg: 4,76% | Shr: 45,1%
2. Португалия – Конго ДР - Rtg: 3,61% | Shr: 37,8%
3. Аргентина – Аустрия - Rtg: 3,42% | Shr: 33,5%
4. Испания – Кабо-Верде - Rtg: 2,88% | Shr: 24,1%
5. Германия – Кюрасао - Rtg: 2,86% | Shr: 32,5%
Қазір Әлем чемпионатының 1/16 финал ойындары өтіп жатыр. Алда жанкүйерлерді бұдан да тартысты әрі шешуші кездесулер күтіп тұр.
Ойындарды «Qazaqstan» және «Qazsport» телеарналарының тікелей эфирінен, сондай-ақ qazaqstan.tv, qazsporttv.kz сайттары мен «Qazaqstan.tv» мобильді қосымшасы арқылы онлайн көре аласыздар.