Испания – Аустрия: Тікелей эфир!
Футболдан Әлем чемпионатының 1/16 финалында Испания мен Аустрия құрамалары өзара күш сынасады.
Кездесу Лос-Анджелес қаласындағы «Лос-Анджелес Стэдиум» стадионында өтеді. Испания топтық кезеңде Н тобында 7 ұпай жинап, бірінші орынмен плей-оффқа жолдама алды. Испания Кабо-Вердемен 0:0 есебімен тең түсіп, Сауд Арабиясын 4:0 есебімен жеңді, ал соңғы турда Уругвайдан 1:0 есебімен басым түсті. Аустрия J тобында 4 ұпай еншілеп, екінші орынмен келесі кезеңге өтті. Команда Иорданияны 3:1 есебімен ұтып, Аргентинадан 0:2 есебімен жеңілді және Алжирмен 3:3 есебімен тең ойнады.
Футбол жанкүйерлері матчты 23:50-де «Qazaqstan» және «Qazsport» телеарналарының тікелей эфирінен көре аласыздар. Сонымен қатар ойын qazaqstan.tv, qazsporttv.kz сайттарында және «Qazaqstan.tv» мобильді қосымшасы арқылы онлайн тамашалай аласыздар.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы