Басты Жаңалықтар Португалия – Хорватия: Тікелей эфир!

Португалия – Хорватия: Тікелей эфир!

Португалия – Хорватия: Тікелей эфир!

Әлем чемпионатының 1/16 финалында Португалия мен Хорватия құрамалары арасындағы тартысты кездесу өтеді.


Матч Торонто қаласындағы «Торонто Стэдиум» аренасында ойнады.

Португалия К тобында 5 ұпай жинап, екінші орынмен плей-оффқа шықты. Португалиялықтар Конго ДР құрамасымен 1:1 есебімен тең түсіп, Өзбекстанды 5:0 есебімен ойсырата жеңді, ал Колумбиямен өткен матчта гол соғылмады. Хорватия L тобында 6 ұпаймен екінші орын иеленді. Хорваттар алғашқы турда Англияға 2:4 есебімен есе жібергенімен, кейін Панаманы 1:0 және Гананы 2:1 есебімен жеңіп, келесі кезеңге жолдама алды.


Футбол жанкүйерлері матчты 03:50-де «Qazaqstan» және «Qazsport» телеарналарының тікелей эфирінен тамашалай алады. Сонымен қатар ойын qazaqstan.tv, qazsporttv.kz сайттарында және «Qazaqstan.tv» мобильді қосымшасы арқылы онлайн көре аласыздар.


Бөлісу